Халықтың сотқа деген сенімін күшейту қажет – Назарбаев

0
81

Полицейлердің азаматтармен өзара қарым-қатынасының қазіргі стандарттары ескірген әрі заман талабына сай келмейді. Мемлекет басшысы Ақордада сот жүйесін жаңғырту бойынша кеңес өткізіп қараша халықтың сотқа, құқық қорғау органдарына деген сенімін күшейту қажет деген тапсырма жүктеді.

Адамдар қылмыстық әрекеттен қорғану үшін, ең алдымен, полицияға барады. Тәуелсіздік жылдары 779 полиция қызметкері қаза тауып, екі жарым мыңға жуығы жарақат алды. Мұны естен шығармау керек. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қазіргі жағдайы қоғам талабына толық жауап бере алмай отыр. Ішкі істер органдарының жұмысы қоғам күткен сенімді толық ақтай алмауда. Азаматтардың көңіл толмастығын туғызуда. Адамдар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Біз онсыз басты бағдарымыз саналатын қазақстандықтардың жоғары сапалы өмір сүруін қамтамасыз ете алмаймыз. Сондықтан, полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып, ішкі істер органдарының құрылымы мен штатын оңтайландыруды, сондай-ақ өзіне тән емес функцияларды алып тастауды тапсырды.

Артық нәрсенің бәрінен арылып, қылмыспен күрес жүргізу және құқықтық тәртіпті сақтау ісіне мән беру керек. Құрылымдар оңтайландырылады. Соның нәтижесінде бір басшының қарамағында үшеу емес, бес адам болады. 

Штат саны 10 пайызға қысқарады. Осы шаралар полицейлер санының 100 мың адамға шаққанда 471 полицейден келуін 424-ке дейін төмендетуге жол ашты. Бұл еуропалық орташа деңгейге сәйкес келеді. Осыған орай, 16 миллиард теңге үнемделмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз