Полиция қызметкерлерінің жалақысын арттыру тапсырылды

0
117

Мемлекет басышысы Ақордада сот жүйесін жаңғырту бойынша өткен кеңес отырысында ішкі істер органдарының құрылымы мен штатын оңтайландыруды, сонымен қоса өзіне тән емес функцияларды алып тастауды тапсмырды.

Алдағы уақытта штат саны 10 пайызға қысқарады. Осы шаралар полицейлер санының 100 мың адамға шаққанда 471 полицейден келуін 424-ке дейін төмендетуге жол ашты. Бұл еуропалық орташа деңгейге сәйкес келеді. Осыған орай, 16 миллиард теңге үнемделетін болады.

Мемлекет басшысы осылайша үнемделген қаражатты қызметкерлердің еңбекақысы мен әлеуметтік қамту жүйесін жақсартуға жұмсауды тапсырды.

Полицейлердің жалақысын арттыруға қосымша 21,4 миллиард теңге бөлінетін болады. Мұның бәрі – халықтың ақшасы. Полицияны, армияны және соттарды салық төлеушілердің қаражаты есебінен ұстап отырмыз. Сондықтан, азаматтарымыз құқық қорғау органдарының өз міндетін мінсіз атқаруын талап етеді.

Қазақстан Президенті қылмысқа қарсы күрес жүргізетін және қоғамдық тәртіпті сақтау ісімен тікелей айналысатын қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін қабылданған шараларға да тоқталды. Бұл шаралар полиция жұмысының ең маңызды деген бағыттарына білікті жаңа кадрларды тартуға, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті күзететін және қылмысқа қарсы күрес жүргізу қызметін атқаратын бөлімшелерді күшейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы полиция қызметкерінің теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылып, барлық жеңілдіктен айырылатынын қоса ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз