Ирак тағы да Астана процесіне қатысуды сұрайды

0
83

Бағдад Сириядағы ахуалды реттеу үшін Астана процесінің бір бөлігі болуға ниетті. Бұл туралы 12 желтоқсанда Мәскеуде  Ирак елшісі Хайдар Мансұр Хади  Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Константин Косачевпен кездесу барысында мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

«Өз елімнің елшісі ретінде Ресей басшылығына Иракты Астана келіссөздеріне қатысу үшін шақыруларын өтінгім келеді. Біздің тәжірибеміз бен көмегіміз Сирия дағдарысын реттеудің саяси процесінде қажет болады деп санаймыз», – деп мәлімдеді Хайдар Мансұр Хади.

Еске салсақ, Сирия бойынша Астана процесінің 7 раунды 30-31 қазанда өтті. Онда кепіл елдер Ресей, Иран, Түркия, Сирия басшылығы мен қарулы оппозиция өкілдері делегациясы, БҰҰ, АҚШ, Иордания өкілдері қатысты. Сирия бойынша Астана процесінің 8 раунды Астанада желтоқсан айының 21-22 күндері өтеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз