Каспий маңы мемлекет басшыларының саммиті 2018 жылы Астанада өтеді

0
80

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы қаралатын каспий маңы мемлекет басшыларының саммиті 2018 жылдың көктемінде Астанада өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей Федерациясы Президентінің Каспий аймағы елдерімен гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Рамазан Абдулатипов «Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті келер жылыдың көктемінде Астанада өткізілетін болады және сыртқы істер министрлігінде үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді.

Бұдан бұрын Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенция бойынша жұмыс аяқталғанын, конвенцияның жобасы Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларының келесі жылдың бірінші жартысында Қазақстанда кездесуі мүмкін болатын бекітуге ұсынылатынын айтқан болатын.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесі КСРО ыдырағаннан кейін, халықаралық құқықтың жаңа субъектілері – Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстан пайда болған кезде, бес ел арасында Каспий теңізін делимитациялау мәселесін көтерген болатын. Каспий теңiзiнiң мәртебесiн айқындаудағы мәселелер, атап айтқанда, көл немесе теңiз деп тануына байланысты халықаралық құқықтың әртүрлi ережелерi бекітілген.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз