Қанат Ислам Елордада тағы бір бокс кешін өткізбек

0
73

Қанат Ислам Астанада тағы да бір бокс кешін өткізеді, деп хабарлады боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан.

Берік Сұлтан фейсбуктегі парақшасында «Team QAZAQ Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Елордада үлкен кәсіпқой бокс кешін өткізбек. Келіссөз жұмыстары басталды», деп жазды.

Сондай-ақ, «Бокс кеші 2018 жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламнан бөлек бұл бокс кешінде көк туды желбіретіп жүрген елімізге танымал қазақтандық боксшылар да өз өнерін ортаға салады. Айта кетейік Қанат Ислам желтоқсан айының соңында АҚШ-қа аттанады. Команда жоспары бойынша QAZAQ Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада 1 жекпе-жек өткізеді», дейді боксшының PR-менеджері.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз