18 ақпан Иранда жолаушылар көлігі апатқа ұшырап, бортта болған 66 адам қаза тапты.
ISNA агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, ирандық Aseman Airlines әуе компаниясы Тегеран-Ясудж бағытында ұшатын Aseman Airlines жолаушылар ұшағы 18 қаңтарда Ирандағы Исфахан провинциясындағы Семиром қаласында апатқа ұшырағаны туралы хабарды растады. Әуе компаниясы борттағы 60 жолаушы және 6 экипаж мүшесінің көз жұмғанын мәлімдейді.
Жолаушылардың арасында бір бала болған.
Aseman Airlines әуекомпаниясының ATR ұшағы бақылаудан әуеге көтерлігеннен кейін 50 минуттан соң жоғалып кеткен. Ұшақ Дена жотасына құлаған. Mehr агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, ұшақ осыдан 20 жыл бұрын жасалған.
Өз кезегінде, ҚР СІМ ұшақтағы жолаушылар арасында қазақстандықтардың болмағанын ресми растады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінің басшысы А. Жайнақов хабарлайды.