Қырғызстан Қазақстанға нота жолдады

0
88
дереккөзден

Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қырғыз азаматтарының Қазақстанда қамауға алынғаны жайында толығырақ мағлұмат беруін сұрап қырғыз еліндегі қазақ консулына шұғыл нота жолдады. Бұл туралы Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

16 ақпанда Қазақстанның Қырғызстандағы консулы Ерлан Абишев төтенше жағдайға байланысты қырғыз министрлігіне шұғыл шақырту алды. Кездесу барысында Е. Абишевке Қазақсанда екі қырғыз азаматының ұсталғаны туралы толық мәлімет беруді сұраған «нота» тапсырылды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Бас прокуратурасы ақпанның 15-16 күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз іс-әрекеттерге және қылмыстық топқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған 29 адамның ұсталғанын және оның екеуі қырғыз азаматтары екенін хабарлаған болатын.

Кейін бірқатар басылым Қазақстанда ұсталған қырғызстандықтардың бірі – Жогорку Кенештегі “Кыргызстан” фракциясының мүшесі Дамирбек Асылбекуулу деген ақпарат таратқан.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз