Иранда 8 ДАИШ содыры өлім жазасына кесілді

0
105


Тегеран соты 13 мамырда ДАИШ* лаңкестік ұйымының 8 содырын өлім жазасына кесті. Содырлар өткен жылдың шілдесінде Иран астанасында болған лаңкестік шабуылға кінәлі деп танылды. Сот төрағаларының шешіміне қатысты Иран Жоғарғы сотына шағымдануға болады.

Тегерандағы лаңкестік әрекетке қатысты сот ісі сәуір айының соңында басталды. Алғашында 26 күдікті жауапқа тартылды, енді 18 күдіктіге қатысты тергеу ісі жүріп жатыр, деп жазады Deutche Welle басылымы.

2017 жылы маусым айының басында Тегеранда Хомейни аятолланың кесенесі мен Иран парламентіне шабуыл жасалды. Калашников автоматымен қаруланған 4 адам депутаттар отырған ғимаратқа кіріп келген, кейіннен содырлардың біреуі өз-өзін жарып жіберген. Аталған жайттан кейін содырлар Тегеранның сыртында орналасқан Хомейни аятолланың кесенесіне шабуыл жасаған.

Аталған шабуыл салдарынан 16 адам қаза тапты, елуге жуығы жарақат алған. Аталған екі лаңкестік әрекетке жауапкершілікті ДАИШ* лаңкестік ұйымы мойнына алды.

ДАИШ*- 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.


*ДАИШ – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, елімізде тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз