Елбасы Малайзия премьер-министріне құттықтау хат жолдады

0
58
дереккөзден

Қазақстан президенті Малайзияның премьер-министрі Махатхир Мохамадқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты Парламент сайлауында «Үміт альянсы» коалициясының жеңіске жетуімен және Малайзия премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

«Сайлау нәтижелері сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның келешекте жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Бұған сіздің 1981-2003 жылдарда Малайзияның қарқынды дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз дәлел бола алады.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадқа жауапты лауазымда табыс, ал Малайзия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз