Трамп ДАИШ көшбасшыларының тұтқындалғанын растады

0
73
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп 10 мамырда ДАИШ* лаңкестік ұйымының 5 басшысы қолға түтсі деген ақпарды растады.

«ДАИШ*-тың ең негізгі бес көшбасшысы тұтқындалды», – деп жазады Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Бес ірі қолбасшының қолға түскендігін Ирак пен Сириядағы халықаралық коалиция өкілі Райан Диллан да растады. Диллан өз Twitter парақшасында Roundup
операциясы барысында ДАИШ*-тың бес негізгі көшбасшысы тұтқынға алынғандығын жазады.

The New York Times басылымы бұған дейін Ирактағы барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Америка және Ирак жауынгерлері ДАИШ*-тың бес негізгі ықпалды командирлерін тұтқындау операцияның сәтті аяқталғанын жазған еді. Басылым таратқан ақпарға сәйкес, үш айлық операцияның мақсаты – Түркия мен Сирияда тұтқындалған ДАИШ* мүшелері болған еді.
Тұтқынға алынған ДАИШ* көшбасшыларының төртеуі – ирактық, біреуі – сириялық.


ДАИШ* – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.


Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз