10 наурыз күні таңертең апатқа ұшыраған Ethiopian Airlines ұшағының бортындағы 157 адам түгел қаза тапқан. Бұл туралы Эфиопия мемлекеттік телеарнасы хабарлады.
Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада қаласынан Кения астанасы Найробиге ұшқан “Боинг-737” ұшағы бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.
Ұшақта 33 елдің азаматтары болған. Оның үшеуі – Ресей азаматы.
Апат себебі әзірге белгісіз. Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ әуеге көтерілген аз уақыттан соң ұшқыш “әлдебір қиындық туғанын айтып, Аддис-Абебаға қайтуға рұқсат сұраған”.
Бұл – тұрақты түрде рейс жасап жүрген жолаушылар ұшағының биылға алғаш рет апатқа ұшырауы. Былтыр қазанда Индонезияда тап осы – “Боинг-737 MAX 8” маркалы ұшағы құлап, 189 адам қаза тапқан болатын.
Апат туралы ең алғашқы ақпарат Эфиопия Премьер-министрі Аби Ахмедтің туиттердегі қайғыру жазбасында жарияланған.
Реакция қалай болды?
Эфиопия парламенті 11 наурызды қаралы күн жариялады.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бислидің айтуынша, осы апатт агенттік қызметкерлерінің жеті мүшесі қайтыс болған.
Қайғылы жағдайға көптеген мемлекет басшылары мен танымал тұлғалар көңіл айтып, қайғылы екендіктерін жеткізді.
Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй:
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррес де апат туралы парақшасына жазды.
Ұшақ бортында қай елден неше азамат болған?
Кения – 32
Канада – 18
Эфиопия – 9
Қытай – 8
Италия – 8
АҚШ – 8
Франция – 7
Ұлыбритания – 7
Мысыр – 6
Германия – 5
Индия – 4
Словакия – 4
Австрия – 3
Ресей – 3
Швеция – 3
Израиль – 2
Марокко – 2
Польша – 2
Испания – 2
Белгия – 1
Джибути – 1
Индонезия – 1
Ирландия – 1
Мозомбик – 1
Норвегия – 1
Руанда – 1
Сауд Арабия – 1
Судан – 1
Сомали – 1
Сербия – 1
Того – 1
Уганда – 1
Йемен – 1
Непал – 1
Нигерия – 1