Эфиопияда ұшақ құлап 157 адам түгел қаза тапты

0
140
Ethiopian Airlines авиакомпаниясының атқарушы директоры Тевольд Гебремариам ұшақ құлаған жерде.

10 наурыз күні таңертең апатқа ұшыраған Ethiopian Airlines ұшағының бортындағы 157 адам түгел қаза тапқан. Бұл туралы Эфиопия мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада қаласынан Кения астанасы Найробиге ұшқан “Боинг-737” ұшағы бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.

Ұшақта 33 елдің азаматтары болған. Оның үшеуі – Ресей азаматы.

Апат себебі әзірге белгісіз. Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ әуеге көтерілген аз уақыттан соң ұшқыш “әлдебір қиындық туғанын айтып, Аддис-Абебаға қайтуға рұқсат сұраған”.

Бұл – тұрақты түрде рейс жасап жүрген жолаушылар ұшағының биылға алғаш рет апатқа ұшырауы. Былтыр қазанда Индонезияда тап осы – “Боинг-737 MAX 8” маркалы ұшағы құлап, 189 адам қаза тапқан болатын.

Апат туралы ең алғашқы ақпарат Эфиопия Премьер-министрі Аби Ахмедтің туиттердегі қайғыру жазбасында жарияланған. 

10 наурызда апатқа ұшыраған Boeing 737 Max-8 ұшағы.
Құлаған ұшақ туралы ақпарат. Дереккөз: BBC
Ұшақ бағыты. Дереккөз: BBC

Реакция қалай болды?

Эфиопия парламенті 11 наурызды қаралы күн жариялады.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бислидің айтуынша, осы апатт агенттік қызметкерлерінің жеті мүшесі қайтыс болған.

Қайғылы жағдайға көптеген мемлекет басшылары мен танымал тұлғалар көңіл айтып, қайғылы екендіктерін жеткізді.

Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй:

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррес де апат туралы парақшасына жазды.

Ұшақ бортында қай елден неше азамат болған?

Кения – 32

Канада – 18

Эфиопия – 9

Қытай – 8

Италия – 8

АҚШ – 8

Франция – 7

Ұлыбритания – 7

Мысыр – 6

Германия – 5

Индия – 4

Словакия – 4

Австрия – 3

Ресей – 3

Швеция – 3

Израиль – 2

Марокко – 2

Польша – 2

Испания – 2

Белгия – 1

Джибути – 1

Индонезия – 1

Ирландия – 1

Мозомбик – 1

Норвегия – 1

Руанда – 1

Сауд Арабия – 1

Судан – 1

Сомали – 1

Сербия – 1

Того – 1

Уганда – 1

Йемен – 1

Непал – 1

Нигерия – 1

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз