Йемен жағалауында 46 мигрант көз жұмды

0
98

6 маусым Йемен жағалауының Аден шығанағында мигранттар мінген қайық суға батып, салдарынан 46 адам қаза тапты. Тағы 16 адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, 5 маусымда Сомалидегі контрабандистер 100-ден астам мигрантты шағын қайыққа отырғызып Йемен жағалауы арқылы шекарадан өтпек болғанда күшті желдің салдарынан қайық суға кеткен.

Йемен жағалауы арқылы шекараны кеспек болған Эфиопиялық мигранттардың барлығы Парсы шығанағындағы елдерде жұмыс істеуге ниеттеніп аттанған.

Бұған дейін Жерорта теңізінде 60-қа жуық мигрант қаза тапқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз