Президент Қытайға мемлекеттік сапармен келді

0
75
Ақорда

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 маусымда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз