Гватемаладағы жанартау 99 адамның өмірін жалмады

0
88

Гватемаладағы жанартау атқылауының салдарынан қаза тапқандардың саны 99-ға жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі Гватемала билігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлі 200-ге жуық адам іс-түссіз жоғалғандардың қатарында.

Фуэгодағы жанартау 4 маусымнан бастап атқылай бастады. Жанартаудың атқылауымен қоса 16 сағат бойы тоқтаусыз жауған жауынның әсері су қоймаларының тасуына алып келді. Жанартау атқылауының салдарынан 1 миллион 700 мың адам задап шеккен.

Гватемалада үш күндік аза тұту күні жарияланды.

Теңіз деңгейінен 3 мың 763 м биіктікте орналасқан Фуэго Гватемаладағы ең белсенді жанартаулар тізіміне енген. Жанартау ел астанасынан оңтүстік-батысына қарай 40 шақырым жерде орналасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз