Энергетика вице-министрі Шкарупа тұтқындалды

0
77
дереккөзден

Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа тұтқындалды. Бұл туралы  Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

“Санкция бар. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Анатолий Валерьевчи Шкарупаны 2019 жылдың 16 қаңтарына дейін қамауда ұстау туралы тергеу жүрізіп жатқан органның өтінішін қанағаттандырды”, – деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Қамауға алу туралы санкция 18 қарашада берілген.

Бұған дейін вице-министрдің қамауға алынғанын энергетика министрі Қанат Бозымбаев растаған еді. Бозымбаев Шкарупаны қызметінен босату туралы өтініш бергенін де алға тартты.


Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі А. Шкарупаны қаржы жылыстатуда айыптаған еді. “Оның 2015 жылы орталық жылу құрылғысы жоқ Саран қаласындағы өлшеу аспаптарын орнатуға бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар “, – деп мәлімдеді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында.

2015-2017 жылдары Шкарупа Қарағанды облысы Саран қаласы әкімінің орынбасары болды. 2017 жылдан 2018 жылдың қазанына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Энергетика вице-министрі болып осы жылдың қазанында тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз