Израильдің жаңа қорғаныс министрі қызметіне кірісті

0
70
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Оқи отырыңыз: Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман қызметтен кетті

Израиль қорғаныс министрі қызметін елдің бұрынғы премьер-министрі Биньямин Нетаньяху атқарады. Ол қорғаныс министрі Авигдор Либерман отставкаға кеткен соң туындаған саяси дағдарысты осылайша шешуге талпынып жатыр.

Телеарнадан сөйлеген Нетаньяху Израильде қазір мерзімінен бұрын сайлау өткізуге уақыт жоғын айтты. Оның сөзінше, бұдан бұрынғы үкіметті жаңадан сайлау өткізу арқылы күшейту әрекеттерінен ешнәрсе шықпаған. Ал Авигдор Либерманның “Израиль – біздің үйіміз” партиясы басқарушы коалициядан шыққан соң Нетаньяхудың партиясы парламенттегі басымдығын бір ғана дауыс айырмасымен сақтап тұр.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Авигдор Либерман Израиль қорғаныс министрі қызметінен 14 қарашада үкімет Газа секторындағы қақтығыс соңғы төрт жылдан бері бірінші рет ушыққаннан кейін ХАМАС тобымен бітімге келген соң кеткен.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз