Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман қызметтен кетті

0
78
Авигдор Либерман

Израильдің қорғаныс министрі Авигдор Либерман қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы euronews.com хабарлады.

“Қауіпсіздік тұрғысынан біз Газа секторындағы әрекетімізді аяқтауымыз керек еді. Менің ойымша, Газадағы террор инфрақұрылымына келтірген соққы жеткіліксіз болды. Егер мен қорғаныс министрі қызметін жалғастырғанда, Израильдің оңтүстігіндегі халықтың көзіне қалай қарарымды білмедім”, – деді Либерман еврей мемлекеттік телеканалдарында сөйлеген сөзінде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз