Оралу
Оқиға Жерорта теңізінде 60 жолаушы қаза тапты
Жексенбіде Жерорта теңізінде мигранттар болған екі кеме аударылып, нәтижесінде 60-қа жуық жолаушы көз жұмды.
Түркияның жағалау күзеті таратқан ақпарға сәйкес, Демре қаласы ауданындағы Анталия провинциясының жағалауында 20 жолаушысы бар катер суға батып кеткен. Салдарынан, 9 адам қаза тапты, оның алтауы – бала, біреуі – әйел. Бес адамды құтқару мүмкін болған.
Дәл сол күні Тунистың оңтүстігіндегі Сфакс провинциясы жағалауында алыс саяхатқа жарамайтын балық аулауға арналған кеме суға батып кеткен, аталған кемеде әр елден 180-ге жуық азамат болған. Ресми дерекке сәйкес, апаттың құрбаны – 47 адам, 68 мигрантты құтқару мүмкін болған.
Тунис ІІМ кемеде көбіне жұмыссыз жастар болғандығын айтады. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, олар аталған саяхат арқылы Италияға жетіп, кейіннен Еуропаға жол тартпақ болған.
Сафина Саид