Жерорта теңізінде 60 жолаушы қаза тапты

0
146

Жексенбіде Жерорта теңізінде мигранттар болған екі кеме аударылып, нәтижесінде 60-қа жуық жолаушы көз жұмды.

Түркияның жағалау күзеті таратқан ақпарға сәйкес, Демре қаласы ауданындағы Анталия провинциясының жағалауында  20 жолаушысы бар катер суға батып кеткен. Салдарынан, 9 адам қаза тапты, оның алтауы – бала, біреуі – әйел. Бес адамды құтқару мүмкін болған.

Дәл сол күні Тунистың оңтүстігіндегі Сфакс провинциясы жағалауында алыс саяхатқа жарамайтын балық аулауға арналған кеме суға батып кеткен, аталған кемеде әр елден 180-ге жуық азамат болған. Ресми дерекке сәйкес, апаттың құрбаны – 47 адам, 68 мигрантты құтқару мүмкін болған.

Тунис ІІМ кемеде көбіне жұмыссыз жастар болғандығын айтады. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, олар аталған  саяхат арқылы Италияға жетіп, кейіннен Еуропаға жол тартпақ болған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз