Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметтің кезекті отырысы басталды.
Отырыстың күн тәртібінде аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өзектендіру мәселелері қаралатын болады.
Сондай-ақ, Алматы агломерациясын іске асыру барысы талқыға салынбақ.