Осы жылдың наурыз айында Қырғызстанда 1464 кг бесбармақ , 117 метр шұжық дайындалды, нәтижесінде тағам Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлайды.
Ұлттық тағамды дайындауға 9 жылқы сойылған. «Кыргыз тилектештиги» халықаралық қорының мүшесі Дана Әбдібекованың айтуынша, 25 мамырда Гиннес рекордтар кітабы хатшылығынан аталған тағамның рекордтар кітабына енгені туралы хат келіп жеткен.