Әлеуметтік желі мен отандық БАҚ арасындағы бәсекелестік туралы Абаев пікір білдірді

0
298
Фото: Kazakistan.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев отандық журналистиканың деңгейі туралы пікір білдірді. Бұл турасында министр Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразия медиа форумында мәлім етті.

Журналистер министрден қазақ журналистикасының деңгейі туралы пікір білдіруді сұрады.

“Мен бұқаралық ақпарат құралдарын отандық және шетелдік деп бөлмейтін едім. Тек отандық қана емес, барша бұқаралық медианың да кемшің тұстары бар. Бірақ мен қазақ журналистикасының да деңгейі жаһандық журналистикадағыдай кәсібилікке жетті деп айта аламын”, – деді Абаев.

Сондай-ақ министр классикалық журналистика мен әлеуметтік желілер арасындағы бәсекелестік туралы да сөз қозғады.

“Қазақстандық БАҚ-ты әлеуметтік желімен бәсекелестігінде не ұстап тұра алады? Бұл абырой мен сенім. Қазақстандықтар, тіпті бүкіл әлем болсын әлеуметтік желілердегі жазбалардан қарағанда кәсіби журналистикаға сенім артатынын білулеріңіз керек. Себебі журналистер әлеуметтік желі қолданушыларынан қарағанда ақпаратты жарияламай тұрып қашан да тексереді. Менің журналистика ақпарат тарататын ең сенімді көз болатынына сенім артқым келеді, журналистер қашан да ақпараттың биігінде болады”, – деді Абаев.

Атап өтерлігі, 23-24 мамыр аралығында Алматыда XVI Еуразия медиа форумы өтуде. Форумға Армения президенті Армян Сарксян, ҚР СІМ басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев, Қытай СІМ сыртқы істер бойынша Комитеті басшысының орынбасары Байге Зао, Эстонияның бұрынғы президенті Томас Хенрдрик Ильвес т.б беделді тұлғалар қатысуда.

Kazakistan.kz
Kazakistan.kz

Форумды ҚР Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева ұйымдастырды.

Kazakistan.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз