Димаш Құдайберген елордада жеке концертін береді

0
125
Димаш Құдайберген ”Арнау” атты жеке концертін маусымның 29 күні Нұр- Сұлтан қаласында береді. Ол туралы әнші өзінің жеке әлеуметтік желісінде жариялады.
Өзінің ерекше дауысымен әлемді тамсандырған Димаштың Қазақстандағы алғашқы концерті.
«Шетелдік телеарналар мен телерадиокорпорациялар әртүрлі сұраулар жолдап жатыр. Астанада өтетін осынау концерт бірнеше шетелдік телеарна арқылы таралады. Сол себепті, аудитория үлкен. Ұйымдастыру жұмысын кең ауқымда жүргізгелі отырмыз. Өз елінде, өз алаңында, мыңдаған фанаттарының алдында өтетін Димаштың концертіне орай қолдауларыңызды сұраймыз», – деді Ерлан Қарин.
«Димаш Құдайберген! Қазақстанның біртума дарын иесі. Әлем бойынша миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған Димаш «Арнау» атты жаңа шоу ұсынады. Оның дауысы – импульс. Шабыттандырады, қуаттандырады. Көрерменді айрықша дауыс диапазонымен, ауқымды шоу күтеді», – делінген видеожарнамада.
Концерт Астана- аренада өтеді.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз