Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевқа конституциялық реформаның жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ Конституциялық Кеңес қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады.
Парламенттің, еліміздегі мемлекеттік органдардың қабылдаған бүкіл заңдары мен нормативтік құқықтық актілері Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуі тиіс
– деді Н. Назарбаев.
Бұдан өзге Конституциялық Кеңестің Төрағасы мемлекет басшысына Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.