АҚШ “ғарышта үстемдік құруға” ниетті

0
117
dpa

АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың әскери-ғарыш күштерін құрмақ ниетте. Трамп 18 маусымда Ақ үйде өткен Ұлттық ғарыш кеңесінің отырысында АҚШ-тың қорғаныс министрлігіне аталған жұмысты қолға алуға қатысты бұйрық бергендігін мәлімдеді.

АҚШ басшысының айтуынша, ғарыш күштері Құрама Штаттың Қарулы күштерінің құрамында әскери-әуе күштерімен қатар «жеке, бірақ баламалы» әскери күшке айналады. «Американы қорғау үшін бізге ғарышта болып қана қоймай, ғарышта үстемдік қажет», – деп мәлімдеді Трамп.

Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, Ақ үй басшысы 1972 жылдан бері Американың Айды барлаған зерттеулерін қайтадан қалыпқа келтіретіндігін, Марсқа ұшуды ұйымдастыратынын алға тартты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз