ҚМДБ мұсылмандар үшін қасиетті Қадір түнін әркім өз үйінде өткізуге үндейді.
Мүфтияттың болжамынша, биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр.
19 мамырда мешіттер таңғы сағат 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді.
Атап өтейік, мүфтият мамандары қасиетті Қадір түнінде Түркістан облысындағы тасқын судан зардап шеккен жерлестерге дұға жасауға үндеді.