Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі коронавирустан айықты

0
80
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров.

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова хабарлады.

“Камалжан Талғатұлы емделіп шықты. Қазір медициналық сауықтыру шараларымен қамтылды. Оның денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде”, – деді Л. Бюрабекова.

Соңғы тексеру нәтижесінде Камалжан Надыровтан инфекция анықталмаған.

Еске салайық, 22 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз