Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігі басқарма құрамымен кездесті

0
73

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігі басқарма құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2017 жылға дейінгі қызметінің қорытындылары туралы хабардар етіп, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және әскерлердің жауынгерлік дайындығын арттыру туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан 25 жыл бойы әскер аумақтық тұтастық, экономикалық өсу және біздің мемлекетіміздің беделін нығайту кепілі болғандығын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы жылы ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринаны, Қарулы Күштерді дамыту тұжырымдамасын мақұлдағанымызды алға тартып, аталған құжаттарда мемлекеттік әскери ұйымды одан әрі дамытудың бағыттары мен міндеттері айқындалғанын атап өтті. Елбасының айтуынша, аталған құжаттарды жүзеге асыру 2020 жылға қарай Қарулы Күштердің жауынгерлік қарқыны біздің әскерлеріміздің жауынгерлік әлеуетінін есебінен бір жарым есе өсуге тиісті. Ал арнайы операциялық күштердің мүмкіндіктері үш есе артады.

Бұдан өзге мемлекет басшысы ҚР Қарулы Күштерінің киберқауіпсіздік командалық бекетінде болып, ақпараттық жүйелердің заманауи киберқауіпсіздік мүмкіндіктерімен танысты.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы Күштерін одан әрі дамыту туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз