Кабулдағы лаңкестік әрекеттен 40 адам көз жұмды

0
105
дереккөзден

Кабулдағы екі лаңкестік әрекет кесірінен 40-қа жуық адам қаза тауып, 30 жараланды, деп хабарлайды Reuters Ауғанстан ІІМ өкіліне сілтеме жасап.

ІІМ келтірген ақпаратқа сәйкес, шабуылдың мақсаты Afghan Voice news agency
ақпараттық агенттігі болған. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 10: 30-да жасалған.

ІІМ-ге ВВС телекомпаниясы таратқан ақпар бойынша, жанкешті жасаған бірінші жарылыстан кейін, аталған кварталда тағы екі жарылыс болған. Студенттедің қатысуымен өтіп жатқан панельді пікірталас ғимаратында лаңкес-жанкешті өзін ғимараттың кіреберісінде жарып жіберген.

Бір лаңкестік әрекеттің мақсаты Afghan Voice ақпарат агенттігінің редакциясы және мәдени орталық болған, деп хабарлайды Pajhwok. Жарылыстың екі рет болу мүмкіндігін Reuters-ке Afghan Voice қызметкері Аббас Хуссаини мәлімдеген. Хуссаинидің айтуынша, лаңкестік әрекет кесірінен агенттіктің бір репортері қаза тауып, біреуі зардап шеккен.

Reuters-дің мәліметінше, Afghan Voice редакциясы Кабулдың шиит кварталында орналасқан, агенттіктің шиитермен байланысы бар. ВВС соңғы айларда Ауғанстанда шииттік мақсаттарға қарсы бірнеше лаңкестік әрекет жасалғанын еске салады.

Лаңкестік әрекетке қатысты жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алмады. «Талибан» қозғалысының өкілі Забиуллал Мухаджид Twitter-де талибтердің бұл жарылыстарға қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз