Мемлекет басшысы Ресей президентіне көңіл айтты

0
53

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.

Еске саламыз, Сирияда ресейлік АН-26 ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан бортта болған 39 адам қаза тапты.  Жолаушылардың ішінде ресейлік 27 офицер мен бір генерал-мойор және келісім шарт бойынша қызмет атқаратын әскерилер болған. Қазіргі таңда апаттың себептері анықталуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз