Әлемдегі ең қалталылардың тізімі жарияланды

0
70
Джефф Безос/дереккөзден

Amazon басшысы Джефф Безос жыл сайынғы Forbes журналы құрастыратын әлемнің ең бай адамдары тізімінің көшін бастады. Баспа аталған тізімді 6 наурыз күні жариялады. Қазіргі Безостың қаржылық жағдайы 112 млрд долларды құрайды, бір жыл бұрын оның меншігіндегі қаражат 72,8 млрд долларды құраған еді.

Тізімге екінші болып Microsoft негізін салушы Бейл Гейтс жайғасты. Гейтстің қаржылық ахуалы 90 млрд долларды құрайды. Тізімде үшінші – Berkshire Hathaway басшысы Уоррен Баффет, журнал Баффеттің қаржылық жағдайын 84 млрд деп бағалайды.

Қалталылар көшін төртінші болып  Louis Vuitton Moet Hennessy компаниясы тобының басшысы Бернар Арно жалғаса, (72 млрд доллар), бесінші – Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг (71 млрд доллар).

Жыл қорытындысы бойынша әлемнің ең бай жиырмалығының қаржылық ахуалы барлығы 1,2 трлн долларды құрады, деп жазады Forbes.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз