Оқи отырыңыз: “Нұр Отанның” кезекті съезі басталуға жақын (фоторепортаж)
27 ақпан елордадағы тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен “Нұр Отан” партиясының XVIII съезі басталды.
Съездің ашылу салтанатында “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев сөз алып, партияның XVIII съезін ашық деп жариялады.
Съезд күн тәртібінде “Нұр Отан” партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы, партияның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, партия саяси кеңесінің және орталық бақылау-тексеру комиссиясының есепті кезең бойынша жұмысының қорытындылары, партия саяси кеңесінің және орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау мәселелері тұр. Күн тәртібі съезд барысында оқылып, дауыс берілді. Күн тәртібі сағат 14.00-ге дейін талқыланатын болады. Сондай-ақ съезд делегаттарының өкілеттіліктері расталып, дауыс берілді.