Назарбаев Қазақстанның ең басты жетістігін атады

0
88
дереккөзден

“Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның ең басты жетістігін атады. 

Ғасырлар тоғысындағы күрделі экономикалық дағдарысты атаған мемлекет басшысы сол сәтте дұрыс таңдау жасауды талап еткен заман болғанын айтты.

“Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет болу үшін бізге маңызды реформалар керек болды. Әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік. Осындай ұлы мақсат көздеген “Нұр Отан” партиясы халықтың сенімін ақтап, жұмысын істеп келе жатыр “, – деген мемлекет басшысы 20 жыл ішінде Қазақстанның ең негізгі қол жеткізген жетістігі – тәуелсіздік екенін алға  тартты.

“Оны (егемендікті) дүниежүзіне әйгілі еттік, елорданы орнаттық, экономика айтарлықтай өсті”, – деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының сөзінше Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 есе өскен, Қазақстанға шетелден 350 млрд долларға инвестиция тартылған.

“Азаматтардың кірісі 16 есе көбейіп, 141 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, 1400  заманауи аурухана мен 1865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалар ашылды”, – деген президент “бұл бұрын соңды болмаған мәселелер, бұның бәрі халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі”, – деді.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз