Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 14 мамырда Сочиде өтетін Жоғары деңгейлі Еуразия экономикалық кеңесі отырысын талқылап, телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұдан өзге қос президент Жеңіс мерекесіне орай құттықтаулар алмасып, жоғары деңгейдегі байланыстарға келісті.