Лаңкестік ұйымдардың кірістері салыстырылды

0
85
дереккөзден

Ресей Сыртқы істер министрлігі ДАИШ* пен «Әл-Каиданың»* кірістерін салыстырды. СІМ есебіне сәйкес, «ДАИШ-тың»* бір айдағы кірісі шамамен үш миллион долларды құраса, «Әл-Каиданың» бүкіл әлемге таралған кірісі 20-дан 40 миллион долларға жеткен.

«Әл-Каида» лаңкестік ұйымының кірісі «ДАИШ»* лаңкестік ұйымының кірісінен 10-20 есе артық, айына 40 миллон долларға дейінгі соманы құрайды, деп мәлімдейді Ресей СІМ жаңа қауіптер Департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Феоктистов деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін коалицяиның лаңкестік ұйыммен жүргізген күресі себепті мұнай өндіруден «ДАИШ-тың»* кірісі 50 миллионға дейін азайды деп хабарланған болатын.


*ДАИШ – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, елімізде тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.
Әл-Каида* – ұйымның қызметіне 2004 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасы Жоғары сотының шешімі негізінде тыйым салынды.
Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз