Назарбаев Әзербайжан президентіне: 2020 жыл сіз үшін қиын әрі “Жеңіс жылы” болды

0
177
Қазақстанның бірініші президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев. Photo: akorda.kz

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевке туған күніне орай құттықтау хат жіберді. 

“Құрметті Ильхам Гейдар оглу. Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің қажымас қайратыңыз, талантыңыз бен саясаттағы тәжірибеңіз Әзірбайжанның одан әрі дамуына және елдің халықаралық аренадағы беделін арттырады. Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара түсіністік және интеграция дәстүріне негізделген стратегиялық әріптестік қатынасы алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі үшін серпінді дамып, нығая беретініне сенімдімін”, – деді Назарбаев.

Az.sputniknews.ru сайтының жазуынша, Назарбаев хатында Әлиевке 2020 жылдың бауырлас халық үшін қиын әрі елдің тарихи жерінің тағдырына алаңдағанын жазған.

“2020 жыл сіздер үшін қиын әрі Жеңіс жылы да болды. Өз жерін оккупациядан босатқан еліңіздің тағдырына алаңдадым. Бұл тарихи сәт. Сізді және Әзербайжан халқын құттықтаймын”, – деп жазды сайт.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз