Нұр-Сұлтанда 33 шырша орнатылды

0
167
Photo: astana.gov.kz

Жаңа жыл қарсаңында астананың әр тұсында 33 жаңа жылдық шырша орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шыршалардың бірі ЭКСПО қалашығының аумағында орналасқан, биіктігі 25 метр. Жасанды шырша 1200 шар, 250 кішкене және 20 композициялық қармен түрлі-түсті етіп безендірілген. Ұзындығы 1500 метр жыпылықтайтын жарық диодты және 500 метр твинкл-лайт гирляндтармен жарықтандырылған.

Жақында Нұр-Сұлтанда алты метрлік тоқылған шырша пайда болмақ. Қазір мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлер жұмыс жасап жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз