Елбасы Бишімбаев туралы: Біз оны оқытып сенім арттық

0
88

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген Үкімет отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне баса назар аударып, бүгінге дейін лауазымды тұлғаларға қатысты екі мыңнан аса қылмыстық іс қозғалғанын тілге тиек етті.

Мемлектет басшысы Үкімет отырысындағы мәлімдемесінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрестi белсендi түрде жалғастыру қажет. Соңғы екi жылда бiзде 2 200 лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылды. Олардың қатарында министрлер, облыс әкiмдерi мен түрлi деңгейдегi әкiмдер, ведомство басшылары бар», – деп мәлімдеді.

Елбасы қазiргi таңда бұрынғы Ұлттық экономика министрi мен «Қазақавтожол» бас директорына қатысты қылмыстық iстiң сотта қаралып жатқандығын ерекше атап өтіп, «Бұрынғы Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев… Шынын айтсам, мен үшін бұл аянышты жағдай. Оны «Болашақпен» оқыттық, сенім арттық. Ендi сол жаққа барып, осындай жағдай болды. Бiз адамдарды дайындауға қанша уақыт пен ақша жұмсаймыз… Өздерiн ұстай алмай қалды», – дедi.

Еске сала кетейік, Ұлттық экономиканың экс министрi Қуандық Бишімбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен өткен жылдың қаңтар айынан бастап қамауға алынған болатын.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап қылмыстық іс қаралып жатқан Қуандық Бишімбаевқа о баста «пара алды» деген айып тағылған болса, қазіргі таңда «қылмыстық істі ұйымдастырған» деген айып тағылды.

Арслан Али 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз