Мемлекет басшысы Үкіметтің атқарған жұмысына оң баға берді

0
147
kazaknews.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің өткен жылғы атқарған жұмысына оң баға берді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында жыл басынан негізгі мақсаттарды айқындап алу қажеттігін алға тартты. Өткен жылдың оңай болмағанын атаған мемлекет басшысы Үкімет және әкімшіліктермен бірлесе жасалған жұмыстар нәтижесінде оң нәтижерге қол жеткенін айтты. Экономиканың өсімі 4 пайызды құрады, инфляция 7 пайызда сақталды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің өткен жылғы жұмысының қорытындысына оң баға берді.

Алдағы жоспарларды айқындаған мемлекет басшысы Үкіметтің алға қойған мақсатында экономика өсімі төрт пайызды құрайтынын, дегенмен өсімнің төмендеп кету тәуекелі басымдығын алға тартып, Үкімет алдына әлдеқайда ірі мақсаттар қою қажеттігін атады. Аталған мақсаттар бойынша кең көлемдегі жұмыстар жасалатыны айтылды.

Сафина Ахтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз