Өзбекстан мен Қазақстан шекараны демаркациялау мәселелерін талқылады

0
398

1 маусым Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын демаркациялау бойынша Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтері делегацияларының 5-күндік келіссөздері аяқталды. Бұл туралы jahonnews.uz хабарлайды.

Тараптар мемлекеттік шекарадағы белгілі бір учаскелерде жүргізілген далалық зерттеулердің нәтижелерін қарады.

Келіссөздер нәтижесінде 2003 жылдан бастап қарастырылып келе жатқан екі ел шекарасын демаркациялауды аяқтауды және Өзбекстан-Қазақстан шекарасын түпкілікті тіркеуді жеделдетудің маңыздылығын атап өтетін хаттамаға қол қойды.

Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекараның ұзақтығы 2,1 мың километрден асады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз