Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына келді.
Астана экономикалық форумы жыл сайынғы халықаралық масштабтағы шара. Осы жылы аталған форумның 11 сессиясы 17-19 мамыр аралығында өтеді.
Конгрестің 10 жылдық жұмысында оған әлемнің 150 елінен шамамен 50 000 делегаттар, олардың ішінде – 20-дан астам Нобель лауреаттары және 30 жоғары деңгейлі шетел саяси қайраткерлері қатысқан.
Конгресс шеңберінде 20 млрд. АҚШ доллардан асатын сомаға 300 астам меморандумдар және келісімдер жасалған.
Түрлі уақытта форум спикерлері саясаткерлер, ғалымдар және экономисттер, әлемдік деңгейдегі журналисттер мен қоғамдық қайраткерлер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттар және бизнес-элиталар өкілдері болған.
Елдер экономикасындағы, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларда, өндіріс пен тұтынудағы жылдам және түбегейлі өзгерістер, сонымен қатар көз алдымызда болып жатқан технологиялық ауысым 2018 жылы Астаналық экономикалық форум негізінде Global Challenges Summit жаһанды сын-тегеуріндер саммитін құруға серпін болды.