Пхеньян Вашингтонға айбат шекті

0
168

АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының кездесуі өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Кореялық yonhapnews хабарлайды.

Корей Халық Демократиялық Республикасы америкалық-оңтүстіккореялық әскери оқу-жаттығулары салдарынан Оңтүстік Кореямен 16 мамырға жоспарланған жоғары дәрежедегі келіссөздерден бас тартып, АҚШ президенті Дональд Трамппен 12 маусымда Сингапурда өтетін саммитті болдырмаймыз деп қоқаң-лоққы жасады.

Айта кетейік, АҚШ пен Оңтүстік Корея жыл сайынғы үрдіс бойынша 2018 жылдың сәуірінде «Key Resolve» әскери жаттығуларын бастады. АҚШ пен Оңтүстік Корея арасындағы әскери жаттығулар әдетте Солтүстік Кореяға қарсы соғысқа дайындық ретінде жүргізілетін. Дегенмен, КХДР басшысы әскери жаттығулар басталған уақытта қарсылық танытып, АҚШ пен Оңтүстік Кореяны айыптаудан бас тартқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз