Путин австриялық телеарнаға сұхбат берді

0
72
дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин Венаға мемлекеттік сапар жасаудан төрт күн бұрын Австриядағы ORF мемлекеттік телеарнасына сұхбат берді, сұхбаттың толық нұсқасы дүйсенбі кешке жарық көрді.

Журналист Армин Вольфпен болған сұхбат барысында Ресей президенті Австрияны «дәстүрлі сенімді серіктес» деп атады. Путин сондай-ақ сөз барысында Мәскеуді Еуроодақтың тұтастығына қауіп төндіретін фигурант ретінде көрмеуге шақырды.

«Біздің Еуроодақты талан-таражға салу деген мақсатымыз жоқ», – деген Путин Еуроодақ Ресейдің ірі сауда-экономикалық одақтасы болғандықтан, одақтың өсіп-өркендеуіне тілекші екендіктерін жеткізді.

Австрия төртінші рет президентікке сайланған сәттен бергі Путиннің алғашқы сапар жасап отырған мемлекеті. Бұдан, «Скрипаль ісіне» қатысты ЕО-ға мүше елдер орыс елшілерін еліне қайтарғанда, Австрияның бұл қадамға бармағанына Ресейдің алғыс нышанын байқауға болады, деп жазады Euronews.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз