Елбасы «Каспий бестігі» саммитіне дайындықты пысықтауды тапсырды

0
74

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысы жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті саммитті өткізуге тыңғылықты дайындалу қажеттігін айтты.

Ақтауда бес елдің делегациялары қатысатын Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитін өткізу жоспарлануда. Осы кездесуге қатысты барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салаларындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын баяндады.

Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалып отыр. Сіздің қойған міндеттеріңіздің бәрі іске асырылуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі өндірістің көлемі 100,1 пайызға жетті, – деді Маңғыстау облысының әкімі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз