Қазақстан ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жасақтайды

0
66
дереккөзден

Қазақстан Еуропалық Одақ пен басқа да серіктестерінің бірлесіп қаржыландыруымен Ауғанстан азаматтарына білім беру бағдарламасын жалғастыру туралы бастама ұсынды. 2010 жылдан бастап Қазақстан өзінің оқу орындарында жалпы құны шамамен 50 миллион долларды құрайтын ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл туралы Ташкентте өтіп жатқан «Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздік және өңірлік қарым-қатынас саласындағы ынтымақтастық» атты жоғары деңгейдегі конференция барысында Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) басшысы Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, аталған бағдарлама аясында 2010 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде 1000-ға жуық ауған азаматтары Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр.

Бұдан өзге

«2018 жылдың күзінде Астанада Қазақстан «Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру» туралы халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр («EmpoweringWomeninAfghanistan»). Оның басты мақсаттарының бірі – Ауғанстанның бейбіт дамуындағы әйелдердің рөлі мен үлесін, ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларында олардың мемлекеттік және жеке секторларға қатысуын арттыру арқылы кеңейту мәселелерін талқылау, сондай-ақ осы елдегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеу»,

– деді Қ.Әбдірахманов.

Сондай-ақ, Қазақстан Ауғанстанға жыл сайын мыңдаған тонна гуманитарлық жүк, оның ішінде азық-түлік, жанар-жағармай материалдары және әртүрлі жабдықтар жеткізе отырып, екі жақты келісімдер мен көпжақты нысандағы келісімдердің аясында Ауғанстанға техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратыны ерекше аталып өтті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз