Ресей Қазақстанмен әскери ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

0
60
Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сергей Шойгу «KADEX-2018» халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталып, екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекетаралық байланыстарын нығайту үшін бұл шараның тиімділігін атап өтті.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Ресей Қазақстанмен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрі Шойгу Қазақстан президентімен кездесу барысында мәлімдеген. Сондай-ақ Шойгу Қазақстан президентінің атқарып жатқан қызметін Ресей жоғары бағалайтындығын, сонымен қатар РФ президенті В. Путин Шойгуге Қазақстан президентімен аймақта орын алып жатқан жағдайларды талқылап, тұрақтылыққа қатысты бірлескен шешім қабылдауды тапсырғандығын атап өтті. Шойгу Қазақстан Ресейдің стратегиялық әріптесі екенін алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз