«Қазатомпромның» 25 % акциясы сатылады

0
90
дереккөзден

Қазақстан әлемдегі ірі уран компаниясының бірі «Қазатомпромның» кем дегенде 25 % акциясын сатылымға қоюға ниетті. Бұл туралы «Wall Street Journal» “Самұрық-Қазына” АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қазақстан үкіметі бірнеше банкке аталған компанияның акциясын Лондон мен Гонкогнг биржасына ұсыну үшін жүгінген, аталған банктер құрамында JPMorgan Chase&Co бар.

Есімовтың айтуынша, компания акциясының биржада қаралуы басты міндет. Сондай-ақ Есімов ел билігі аталған қадам Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды екендігін білетіндігін атап өтті. Бұдан өзге “Самұрық-Қазына” АҚ басқарма төрағасы мамыр айында Қытайға барғандығын, қытай тарабындағы инвесторлар акцияның бұқаралық сатылымға шығуына қызығушылық танытқанын атап өтті. Келесі аптада Есімов компанияны жекешелендіру жоспарын ресей тарабына ұсынуға ниетті.

Басылым таратқан ақпарға сәйкес, компанияның 25 % акциясы 3,5 млрд долларға жетуі ықтимал.

2017 жылдың сәуірінде «Қазатомпром» 2017 жылдың соңына дейін төрт профильді емес активтерді сатуға ниетті деп хабарланған еді. Сатылымға «Каустик» АҚ, «KazSilicon» металлургиялық комбинаты, “Kazakhstan Solar Silicon” ЖШС және “Astana Solar” ЖШС шығарылады деп жоспарланған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз