РФ Президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды РФ Президентінің баспасөз қызметі.
Путин Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық салаларда, әлемдік деңгейдегі жоғары беделін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде халықаралық проблемаларды шешуге қосқан елеулі үлесін атап өтіп, Астана процесінің аясында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.
Ресей Федерациясының басшысы екі жақты негізде де, интеграциялық үрдістер тұрғысынан да өсіп келе жатқан еуразиялық достық, тату көршілік пен өзара құрметтің жақсы дәстүріне негізделген ресей-қазақстан қатынастарының табысты дамуын жоғары бағалады.
Ресей Президенті Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Сабина Сайлаубай