Қазақстанның бауырлас халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін- С. Жээнбеков

0
75
Ақорда

Қырғыз Республикасының Президенті Соронбай Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қырғызстан халқының атынан және өз атымнан Сізді және барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастар одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында біздің елдеріміздің халықтарының мүдделерінде өсіп, дами беретініне сенімдімін. Сізге зор денсаулық, өркендеу мен мемлекеттік қызметте табыстар тілеймін, сондай-ақ Қазақстанның бауырлас халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін»,

деп жазылған Қырғызстан басшысының жеделхатында.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз